Өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздігі



Өрт қауіпсіздігі:
Өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары
23.12.2022 «Балдырған» балабақшасына № 8 ӨСБ қызметкерлері келді. Әрине, өрт сөндірушілер – ежелгі, қажетті және қауіпті қаһармандық мамандық. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мектеп алды және ересек топ балаларымен «Үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында ойын-сауықтық сабақ өткізді. №8 ӨСБ қызметкерлері тәрбиеленушілерді қызықты әңгімемен, ойындармен, жаңа жыл мерекесін қауіпсіз өткізу тақырыбында иллюстрациялар көрсетіп,парақшалар таратты. Балалар өздерін жас өрт сөндірушілердей сезінді.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің педагогтары топтарда өрт қауіпсіздігі бойынша бұрыштар жасап, макеттер, дидактикалық ойындар, иллюстрациялар, рөлдік ойындарға арналған атрибуттар жасады. Қабылдау топтарында көру үшін папкалар, мен ата-аналарға арналған кеңестер,өрт қауіпсіздігі және өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелері бойынша жадынамалар орналастырылған. Педагогтар профилактикалық әңгімелесулер жүргізеді, өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша балалармен ойын жағдаяттарын ойнайды.